Білім
1 мин оқу 220

Педагогтердің республикалық тамыз саммиті басталды

<p style="text-align: justify;">Биыл&nbsp;тамыз конференциясы&nbsp; алғаш рет&nbsp;халықаралық қонақтардың қатысуымен саммит форматында өтіп жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Педагогтердің республикалық тамыз саммиті басталды

Осы жылы саммит «Digital Kazakhstan: заманауи білім беру» тақырыбында оқу үдерісін цифрландыруға және әлемдік тәжірибені ескере отырып, сабақ беру процесіне жасанды интеллектіні енгізу ерекшеліктеріне арналады.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, саммит аясында жасанды интеллектіні қолдана отырып жасалған цифрлық өнімдердің білім беру көрмесі ұйымдастырылады.

Сондай-ақ білім беру саласындағы жетекші сарапшылардың қатысуымен пленарлық және секциялық отырыстармен қатар шеберлік сабақтары өтеді.

Іс-шара соңында білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін үздік педагогтер марапатталады. Оған 500 мыңнан астам педагог офлайн және онлайн режимде қатысады.

Бөлісу:
Педагогтердің республикалық тамыз саммиті басталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар