Аймақтар
1 мин оқу 160

Тараздық оқушы қалқымалы электр стансасын жасап шығарды

<p style="text-align: justify;">Былтырғы &laquo;Тәуелсіздік ұрпақтары&raquo; жобасының &laquo;Ақпараттық технологиялар&raquo; бағыты бойынша грант иегері Қанат Тәжіхан &laquo;Future Solar Power Plant&raquo; жобасын жүзеге асырды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Тараздық оқушы қалқымалы электр стансасын жасап шығарды

Өнертапқыш Тараз қаласындағы мектептердің бірінде 12-сыныпта оқиды. Ол болашақта IT инженері болуды армандайды. Қанат Тәжіхан грант қаражатына қуаттылығы 6,6 кВт болатын Қазақстандағы тұңғыш қалқымалы күн электр станциясын жасап шығарды. Жүйе күн трекерімен және өзін-өзі тазалау функциясымен жабдықталған. Автордың айтуынша, оның жобасы Қазақстан нарығындағы ең тиімдісі.

ы

Қанаттың жобасы қазірдің өзінде Алматы облысының экологиялық аймақтарының бірінде жүзеге асырылып жатыр.

Айта кетейік, Қанат Тәжіхан «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасының грант иегері. Биыл аталған байқау аясында жастардың бастамаларын жүзеге асыруға 3 миллион теңге сомасында 30 грант бөлінеді. Қазір «Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауына өтінімдер қабылданып жатыр.

Бөлісу:
Тараздық оқушы қалқымалы электр стансасын жасап шығарды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар