1 қыркүйекте мұғалімдерге гүл сыйлауға бола ма
<p style="text-align: justify;">Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 1 қыркүйекте ұстаздарға сыйлық беру мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Министр Ғани Бейсембаев мұғалімдердің оқушылар мен олардың ата-аналарынан гүл шоқтарын алса қуанышқа бөленетіндерін тілге тиек етті. Сондай-ақ ұстаздарға гүл сыйлау дәстүрге айналғанын атап өтті.
«Тәтті-тәпсекке қатысты ойлану керек. Әркімнің қалауы әртүрлі. Бірақ оқушылардан мұғалімнің гүл алуы көңіл - күйді көтеретін үрдіс. Оқушылардың мұғалімдерге құрмет ретінде гүл сыйлауы дәстүрге айналған. Сондықтан оны дұрыс деп есептеймін. Гүл сыйлау − әркімнің өзінің көңілі мен ниетіне байланысты. Бірақ гүл беруді міндеттемеу керек», деді министр.