Тәжікстанда Қазақстанның мәдени күндері өтеді
<p style="text-align: justify;">Бүгін Хатлон облысының әкімшілік орталығы – Бохтар қаласында Қазақстаннан келген қонақтар делегациясын ерекше ықыласпен қарсы алды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ховар агенттігіне сілтеме жасап.</p>

Салтанатты кездесу рәсімі Бохтар қаласының Мемлекеттік Ту алаңында Бохтар қаласының төрағасы Абдулмажид Муминзоданың қатысуымен өткен.
Қазақстан делегациясы «Авасто» облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барған. Алдағы уақытта қонақтар жоспарланған мәдени бағдарламаны да тамашалайды.
Айта кетейік, 21-23 тамыз аралығында Бохтар қаласында Қазақстанның мәдени күндері өтеді.
Еске сала кетейік, 22-23 тамызда Президент Эмомали Рахмонның шақыруымен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстанға мемлекеттік сапармен барады.
Сонымен қатар Душанбеде Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-инвестициялық форум өткен еді. Қазақстан мен Тәжікстан жақын арада тауар айналымын 2 миллиард долларға жеткізуді жоспарлап отырғаны белгілі болды.