Кәсіпқой бокс
1 мин оқу 90

Иван Дычко қарсыласын нокаутқа түсірді

<p style="text-align: justify;">Бүгін АҚШ-тың Плант-Сити қаласында кәсіпқой боксшы Иван Дычко кезекті жекпе-жегін өтікзді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Иван Дычко қарсыласын нокаутқа түсірді

ProBox шоуы аясында өткен кездесу 8 раундқа жоспарланған еді. Алайда аса ауыр салмақтағы отандасымыз Иван Дычко (14-0, 13 КО) америкалық Крейг Льюисті (15-8-1, 8 КО) екінші раундта нокаутқа жіберді.

Екінші раундтың ортасында Иван Дычконың жойқын соққысынан кейін Крейг Льюис нокдаун алғанмен төреші жекпе-жекті жалғастыруға рұқсат берді. Раунд соңында Дычко діттегеніне жетті.

Айта кетейік, Иван Дычко Олимпиада ойындарының екі дүркін қола жүлдегері (2012, 2016). Кәсіпқой бокстағы жолын 2017 жылы бастады.

Бөлісу:
Иван Дычко қарсыласын нокаутқа түсірді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар