Медицина
2 мин оқу 80

Құрсақта жасалған операция

<p style="text-align: justify;">Алматыдағы балалар кардиохирургиясы және перинатология орталығында құрсақішілік тағы бір операция сәтті жасалды. Күрделі операция баланың туабітті патологиясын түзеуге септігін тигізіп, сәбидің дүниеге дені сау болып келу мүмкіндігін арттырады екен.</p>

Құрсақта жасалған операция

Кейінгі жылдары мемлекет ана мен бала денсаулығы­на көптеп көңіл бөле бастады. Небір емі күрделі аурулармен алысқан аналар баласын ба­уырына басты. Құрсақтағы баланың да туабітті ауруларын анықтап, тіпті туғанға де­йін де операция көрген нә­рес­­телер бар. Патологиясы бар бала­лар жергілікті ауруха­на­­ларда емес, ірі орталық­тар­да дүниеге келеді. Бұл жол­ғы үш операцияны орта­лық дәрігерлері Минск респуб­ликалық ғылыми-тәжірибе­лік «Ана мен бала» ор­та­лығы фетальды ме­ди­цина бөлім­шесінің мең­ге­рушісімен бірге жасаған. Нау­қас­тар, яғни үш жүкті әйел Ал­маты об­лы­сынан, қаланың өзі­нен және Ақмола облысынан келіпті.

Операция барысында дәрі­­герлер «фето-фетальды трансфузия синдромынан (ФФТС) асқынатын көпұрық­ты жүктілік кезіндегі бала­ның жолдасы анастомозының лазерлі коагуляциясы» деп аталатын тәсілді қолданған. Бұл әдіс – ұрықтар арасындағы тамырлардың патологиялық бірігуін жоюға көмектеседі. Есесіне қатты асқынудың алдын алып, егіздердің өмірін сақтауға мүмкіндік туады. Дәрігерлер иек артқан екінші әдіс «шарана сұйықтығы патологиясы болған жағдайдағы амниоредукция және амнио­инфузия» деп аталады. Бұл про­цедуралар ұрықтың да­­муына қолайлы жағдай жа­­сайды. Асқыну қаупін азай­та отырып, шарана сұйық­ты­ғы мөлшерін реттеуге кө­мек­теседі. Үшінші әдіс – «ұрық­тың бүйрек патологиясы бол­ғанда қуықты ­дренаждау». Бұл операция ұрық­та несеп айдау жүйе­сі­нің дұрыс жұмыс істеуін қам­та­масыз етеді. Әрі оның дұрыс даму мүмкінді­гін жақ­сар­та отырып, бүйрек жетіс­пеушілігі асқынуының алдын алады.

Дәрігерлер ден қойған үш операция да сәтті жасалды. Науқастардың жағдайы дәл қа­зіргі сәтте тұрақты. Ма­мандар олардың жүктілік ке­зін­дегі денсаулығын, ұрық­тың одан әрі дұрыс дамуын жіті қадағалайды.

Бұл операциялар ден­саулық сақтау министрлігі қол­ға алған «Фетальды медицина» жобасы арқылы іске асыпты. Енді елдегі ақжаулықтылар әлем­дік стандарттарға сай ке­ле­тін жоғары технологиялық кө­мекті тегін алып, дүниеге дені сау бала әкелу мүмкін­дігін айтарлықтай артады деп ойлаймыз. Қорыта келе, жоба­ның озық медициналық технологияларға қолже­тім­ді­лікті ұлғайтуға және жүк­ті әйелдердің босанар алдын­дағы көмек деңгейін жақ­сартуға бағытталғанын да айта кеткеніміз жөн болар. 

Бөлісу: