Оқиға
2 мин оқу 1,680

Акуланың тісі табылды

<p style="text-align: justify;">Атырау облысының аумағында көк зеңгірмен таласқан биік тау кездеспейді. Бірақ Ақкегершін, Ақтолағай, Қойқара, Иманқара, Шөлқара аталатын тауға бергісіз жоталар бар.</p>

Акуланың тісі табылды

Бұл жоталардың жасырған сыры әлі толық зерттеле қойған жоқ. Сол себеп­тен, Атырау облыстық та­рихи-өлкетану музейі 7-18 та­мыз аралығында палеон­тологиялық экспедиция ұйымдастырды. Аталған экспедиция жетекшісі, география ғылымдарының кандидаты, профессор Қажымұрат Ахмеденовтің айтуынша, Жылыой ауданындағы тау жоталарының бор мас­сивтеріне зерттеу жүргізіліпті.

вап

«Зерттеу жұмысына да­лалық және камералық па­леонтологиялық әдістерді қол­­дандық. Жоталарға зерт­теу жүргізу кезінде 511 палеофауна мен палеофлора үлгілері жиналды. Оның ішінде омыртқалы тұ­қымдастардың 259, омырт­қасыздар санатының 229, тасқа айналған 18 ағаш үлгісі бар. Экспедиция мүшелері мезозой дәуірінің жоғарғы бор кезеңіндегі бірегей қаз­ба қалдықтарын тапты. Әсі­ресе 160 миллион жыл бұрын өмір сүрген бауы­ры­мен жорғалаушылардың омырт­қалары мен палео­ген аку­лаларының тіс­тері мен омыртқалары, ба­лық­тардың құйрық қанат­тары, тасқа айналған ағаш­тар­дың үлгілерін, 50 миллион жыл бұрынғы ірі otodus акулаларының тістерін құн­ды жәдігер ретінде баға­лау­ға болады. Сондай-ақ бе­лем­ниттердің, қосжарнақты малюс­калар мен теңіз кірпілерінің бөліктері табылды», дейді Қ.Ах­меденов.

п

Ғалымның дерегіне қара­ғанда, палеофаунаның бірегей орны – Жылыой ауданындағы Шөл­қара тау жотасы. Бұл ау­ма­қ аудан орталығы – Құл­­сары қаласынан оңтүс­тік-шығысқа қарай 130 шақырым қашық­тықта орналасқан.

«Бұл жоталар әр кезеңде ға­лымдардың назарын аударып келеді. Мәселен, 1931 жылы палеонтолог А.Рябининнің Қой­қара қыратынан ерте бор дәуіріндегі динозаврдың омырт­қаларын тапқаны қы­зығушылық тудырды. Оны Эмбазавр деп сипаттаған ғой. Бұл «Эмба кесірткесі» дегенді білдіреді. Біз Эмбазаврды Аты­рау облысының палеон­тологиялық бренді, әлемдік ғылым үшін бірегей олжа деп санаймыз. Енді экспедиция материалдары өңделіп, оның нәтижелері бойынша ғылыми тұжырым жасалады. Алдағы уақытта Атырау об­лысының аумағында миллиондаған жыл бұрын өмір сүрген жануарлардың түр­­ле­рін анықтау, одан әрі зерт­­теу жұмыстарын жүргізу жал­­ғасады», дейді Қажымұрат Ахмеденов.

Атырау облысы 

Бөлісу:
Акуланың тісі табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар