Аймақтар
1 мин оқу 90

Семейде жол бойында билеген жүргізушілер жазаға тартылды

<p>Өңір полициясының мәліметінше, Hyundai Sonata, Chevrolet Cobalt, Hyundai Elantra және Lada 2172 автокөліктерінің 19 жастағы төрт жүргізушісі жол бойында билеп, челлендж өткізбек болған.</p>

Семейде жол бойында билеген жүргізушілер жазаға тартылды

- Бұл әрекет үлкен қоғамдық наразылық тудырып, полицияның назарын аударды. Жастар Семей қаласының полиция басқармасына шақырылып, олармен әңгіме жүргізілді. Әңгіме барысында полицейлер жолдарда түрлі челлендждер өткізу сияқты іс-әрекеттердің қауіптілігіне баса назар аударды. Олар жастарға мұндай әрекеттердің ауыр зардаптарға, соның ішінде апаттар мен жарақаттарға әкелуі мүмкін екенін түсіндірді, - деп жазылған полиция хабарламасында.

Сонымен қатар полиция төрт жүргізушіні жол қозғалысы ережелерін орындамағаны, сондай-ақ сағат 22.00-ден таңғы 9.00-ге дейін тыныштықты бұзғаны үшін екі бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Бөлісу: