Елорда
1 мин оқу 72

Астанада Сығанақ көшесі уақытша жабылды

<p>Сығанақ көшесінің учаскесі ішінара жабылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Астанада Сығанақ көшесі уақытша жабылды

- Елорданың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ш.Айтматов көшесінен бастап Тұран даңғылына дейінгі учаскеде Сығанақ көшесінің сол жақ жол төсемінің үстіңгі қабатын салу бойынша жұмыстар жүргізілетінін мәлімдеді, дейді жергілікті әкімдік.

Осыған байланысты 24-26 тамыз аралығында жоғарыда көрсетілген учаске ішінара жабылады. Бұл ретте қозғалыс жолдың оң жағымен екі бағытта қамтамасыз етіледі, – деп толықтырды ведомство.

Қала тұрғындары мен қонақтары жолдардағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауы керек.

Бөлісу:
Астанада Сығанақ көшесі уақытша жабылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар