Оқиға
1 мин оқу 136

Каспийге батып кеткен жігіттің денесі табылды

<p style="text-align: justify;">25 тамыз күні сағат 17: 40 шамасында Каспий теңізінің&nbsp;&laquo;Солдат&raquo; жағажайы аумағында 18 жастағы жігіт суға батып кеткен еді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Каспийге батып кеткен жігіттің денесі табылды

Маңғыстау облысының тұрғыны жүзу аймағынан тыс жерде, жағалаудан 300-400 метр қашықтықта суға секірген. 2006 жылы туған жігіт сүңгіген жерде су тереңдігі 3-4 метрді құраған. 

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті оның денесі бүгін таңғы сағат 7: 50 шамасында табылғанын мәлім етті. 

«Іздестіру-құтқару жұмысы барысында «Солдат» жағажайы аумағында жағалаудан 300 метр қашықтықта, екі метр тереңдіктегі судан жас жігіттің мәйіті табылып, шығарылды», делінген облыстық ТЖД хабарламасында.

Бөлісу:
Каспийге батып кеткен жігіттің денесі табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар