Коронавирус өршіп, науқастар ауруханаға сыймай жатыр — жалған ақпарат
<p>ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті коронавирусқа қатысты ел арасында тараған деректі жоққа шығарды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Мессенжерлерде инфекциялық ауруханалар Covid-19 жұқтырған пациенттерге толып кеткені жайлы хабар тарады. Комитеттің мәліметінше, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.
2024 жылдың басынан бері елде 1 356 адам коронавирусқа шалдыққан. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сырқаттану 8 есе төмен.
«Бүгінгі таңда 6285 инфекциялық төсек-орынның 0,1 пайызында ғана Covid-19 жұқтырған науқастар жатыр. Өлім-жітім тіркелген жоқ. Коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай бақылауда», - делінген хабарламада.
Ведомсто жалған ақпарат таратқандардың әрекетіне құқықтық баға беру үшін материал құқық қорғау органдарына жіберілгенін айтады.
«Барлық азаматтарды ресми ақпарат көздеріндегі сенімді ақпаратқа сенуге шақырамыз» дейді комитеттен.