Білім
1 мин оқу 72

Саяси ұйымның қолдауы

<p style="text-align: justify;">Алматы облысында &laquo;Amanat&raquo; партиясының өкілдері бір апта&shy;да 16 млн теңгеге оқушы&shy;лар&shy;ды мектепке даяр&shy;лады. &laquo;Баланы мектеп&shy;ке дайындайық!&raquo; респуб&shy;ликалық акциясы аясында саяси ұйым мү&shy;&shy;шелері 350-ге жуық ба&shy;ла&shy;&shy;ны мектепке қажетті құ&shy;рал-жабдықпен, мек&shy;&shy;теп формасымен &shy;қам&shy;та&shy;масыз етті.</p>

Саяси ұйымның қолдауы

Игі шара партияның «Бақытты отбасы» жобасы аясында өңірдің барлық ауданында өтіп жатыр. Бұл акция жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Мақсаты – әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылардың балаларын мектепке даярлауға қолдау көрсету.

Акцияның алғашқы күні Қо­наев қаласында өтті. Бұл күні «Amanat» партиясының мүше­лері 45 балаға мектеп формасын, оқулықтар, сөмкелер және кеңсе тауарларын табыстады.

«Мектеп жасындағы бала­ларға жаңа оқу жылы басталар алдында қуаныш сыйлап, оқу­шыларды керек-жарағымен қамтып келе жатқан акция биыл да жалғасын тауып отыр. Бұл – қайырымдылық акциясы бір рет қана өткізілетін іс-шара емес, өңір тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағыттал­­ған партияның ауқымды жүйелі жұмысының бір бөлігі. Мәселен, бес күн ішінде фракция мүше­лері 16 млн теңгеден аса сомаға 350-ге жуық баланы мектепке даярладық. Науқан соңына дейін 1 200 оқушыны қамтуды жоспарлап отырмыз», деді «Amanat» пар­тиясы Алматы облыстық фи­лиалының атқарушы хатшысы Ерлан Жақыпов.

Партиялықтар жаңа оқу жы­­­лына дейін мұндай іс-шараны бір­неше мәрте ұйымдастыруды жос­­парлап отыр. Бұған мәсли­хат­­тардағы «Amanat» партия­сы­ның депутаттық фракция мү­шелері атсалысып жатыр.

 

Алматы облысы

Бөлісу:
Саяси ұйымның қолдауы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар