Португалияда 5 балдық жер сілкінісі тіркелді
<div class="description" style="text-align: justify;">26 тамызда Португалияда жер сілкінісі болды. Әлеуметтік желіге сүйенсек, зілзаланы Порту, сондай-ақ Испания мен Марокко тұрғындары сезген. Португалия теңіз және атмосфера институтының (IPMA) мәліметтері бойынша жер сілкінісінің магнитудасы 5,3 балды құрады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </div>

Португалия үкіметінің хабарлауынша, жер сілкінісі елдің табиғи апаттарға дайындығын тексеруге мүмкіндік берді.
«Бұл табиғи апат біздің қажетті құралдарымыздың, дайындығымыздың бар-жоғын түсіндіреді. Сондай-ақ дайындықты тексеруге мүмкіндік береді», деді Португалия СІМ басшысы Паулу Рангел.
Дүмпулер таңғы 5-те тіркелді, олардың эпицентрі Синиш қаласынан батысқа қарай 58 км жерде, теңізде 21 км тереңдікте болды.
Португалия теңіз және атмосфера институтының (IPMA) мәлімдемесінде жер сілкінісі адамдарға және олардың мүлкіне зиян тигізбеді делінген.