Оқиға
1 мин оқу 185
Ақтөбеде 10 жастағы қыз көлік ішінде өртеніп кетті
<p style="text-align: justify;">Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Дөң ауылында 10 жастағы қыз өртеніп жатқан көлік ішінде қалып кетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> «Мой город» басылымына сілтеме жасап.</p>

Қайғылы оқиға 27 тамыз күні болған.
«Үйдің ауласында тұрған ВАЗ көлігі өздігінен өртенді. Қайғылы оқиға көрші үйдегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Көліктің салонында 10 жастағы қыз болған, ол қаза тапты. Оқиға кезінде ата-анасы үйде болған», деп хабарлады полиция.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Бөлісу: