Өнер
2 мин оқу 54

Италиядағы дебют

<p style="text-align: justify;">Елордадағы &laquo;Астана Опера&raquo; театрының солисі, Astana Opera Халықаралық опера академиясының түлегі, республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпазы Әлихан Зейнолла Италияның Пезаро қаласындағы Дж.Россини атындағы театрда &laquo;Реймске саяхат&raquo; спектаклінде Граф Либенсковтың басты партиясында дебют жасады.</p>

Италиядағы дебют

Қойылымның оқиға желісі мынадай. Жер-жерден келген ақсүйектер Францияның жаңа королін ұлықтау салтанаты болатын Реймс қаласына бару үшін әуелі «Алтын лала­гүл» қонақүйіне орналаса­ды. Олардың әрқайсысы өзіне ­ғана тән қызықты болмы­сы­мен ерекшеленеді. Сол се­беп­ті қонақүйдің ішінде күл­кілі жағдайларға тап болады. Дра­­ма­лық шиеленіс Реймске ешқандай көлік апармай­тынын түсінген сәттен басталады. Сонда саяхатшы­лар патшаны қонақүйде, яғни өз ішінде ұлықтай беруді жөн ­санайды. Араларында Ита­лия, Франция, Германия, Ресей, Польша, Испания және Англия­дан келген қонақтар бол­ғаннан кейін, әрқайсысы өз мем­лекетінің гимнін шыр­қап, Франция ағзамы Х Карл­ға күллі Еуропаның атынан құттықтауларын жеткізеді.

Осындай шытырман қойы­лымда отандасымыз Әли­­хан Зейнолла Мелибей ха­­нымға ғашық әрі өте қыз­ғаншақ орыс генералы Граф Либенсковтің рөлін сомдап шықты. Аталған рөлді қалай иеленгені туралы әнші былай деп ой тарқатады:

«2022 жылы мен Қыр­ғызстан астанасына айтулы концертке шақырылған едім. Ол жерде оркестрдің сүйе­мелдеуімен Дж. Россинидің «Севиль шаштаразы» операсынан каватинаны, Ж.Бизе­нің «Інжу іздеушілер» операсынан әйгілі романс орындадым. Сөйтіп, менің орындауымды Дж.Россини фестивалінің директоры Эрнесто Паласио мырза тың­дап, өзімнің агентім В.Федели мырза арқылы Пезаро қаласындағы (Ита­лия) Дж.Россини академия­сына шақырту алдым. Ака­демиядағы оқу бағдар­лама­сы­на шеберлік сағаттарының топтамасы кіреді, олардың біреуін мен әлемге әйгілі тенор Хуан Диего Флореспен бірге жасадым. Сондай-ақ Дж.Россинидің «Реймске сая­хат» көлемді италиялық опе­расындағы дебютім және Италиядағы тағы бірнеше ма­ңызды концерт осы оқу бары­сындағы жетістігім бол­мақ», дейді ол.

Айта кету керек, акаде­миядағы оқу барысында әлем­нің түрлі елінен бар­ған төрт тенордың арасында Э.Паласио Әлихан Зей­нол­ланы бірінші құрамда Граф Либен­сковтің партиясында дебют орындауға таңдап алған. Академияда білім алумен қатар, қазақстандық тенор Градара, Ферминьяно, Урбино, Пезаро қалаларын­да концерттік бағдар­лама­лармен өнер көрсеткен.

«Реймске саяхат» опе­ра­сының музыкалық және сах­налық дайындықтары күн сайын Россини театрын­да, Эксперименттік театр­да және Скаволини Аудито­риу­мында итальян тілінде дирижер Давиде Левимен және халықаралық деңгей­дегі пианист-коучтермен бірге өтті. Тамыз айының со­ңында спектакльдің премьерасы өте жоғары деңгейде қойылды», деп пікір қосты тенор Ә.Зейнолла.

Еске сала кетейік, академияда тағы­лым­дамадан өту кезінде Әлихан Румынияға «Севиль шаштаразы» опера­сының қойы­лымында Граф Альмавиваның партиясын орындауға шақырылған еді. Бұдан бөлек, ол Будапештте «Stabat Mater» үлкен месса­сында өнер көрсеткен. Сон­дықтан оның бұл өнер көр­сетуі еуропалық үшінші дебюті болды. 

Бөлісу:
Италиядағы дебют · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар