Қоғам
1 мин оқу 74

ШҚО-да өрт шығып, 15 адам қауіпсіз жерге көшірілді

<p style="text-align: justify;">Өскемен қаласындағы Назарбаев даңғылы бойында тоғыз қабатты тұрғын үйдің екінші қабатында орналасқан пәтерден өрт шықты. Оқиға бүгін, 29 тамызда болған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ШҚО-да өрт шығып, 15 адам қауіпсіз жерге көшірілді

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабар таратты.

«Өрт сөндіру бөлімшелері түтін аймағынан 15 тұрғынды, оның ішінде 5 баланы эвакуациялады. Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр», деді министрлік өкілдері.

ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

Бөлісу: