Оқиға
1 мин оқу 200
Алматы маңында жер сілкінді
<p style="text-align: justify;">Өткен түні Алматы маңында жер сілкінді, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық стансалар желісі 29 тамыз күні сағат 01:47-де жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан 24 шақырым жерде оңтүстік-батысқа қарай Қазақстан аумағында орналасқан.
«Жер асты дүмпуінің эпицентрлік координаттары – 43,125º - 76,659º. Тереңдігі - 10 км. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 7,7. MPV магнитудасы - 3,7», делінген Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының хабарламасында.
Әлеуметтік желіде кей алматылықтар жер сілкінісін сезгенін жазып жатыр.
Бөлісу: