Өнер
1 мин оқу 155

Берлинде бебеулеген домбыра

<p style="text-align: justify;">&laquo;Домбыра мұнша шешен болдың неге?&raquo; деп жырға қосқандай, қасиетті қара домбыра талайды таңдандырып келеді. Қайбір классикалық музыканы да оңай ығына жыққан сиқырлы аспап Берлин төрінде өнерден ту тікті.</p>

Берлинде бебеулеген домбыра

Қазақ ұлттық өнер уни­верситетінің Еура­зиялық симфониялық оркестрі Берлинде өнерлерін көрсетті. Бірыңғай студенттерден құралған шығармашылық ұжым Германияда өткен «Young Euro Classic» фестивалі аясында концерт беріп, көптің ықыласына бөленді.

Домбыра шанағынан қоңыр күйлерімізбен қатар Мо­царт­тың әйгілі «Түрік маршы» әуе­леді. Сегіз жігіт ерекше сазды симфониялық оркестрмен орындағанда әуен әрлене түсті. 200 жылдан астам тарихы бар «Konzerthaus» ғимараты классика мен ұлттық аспаптардың үндесуінен ерекше күйге бө­ленген. Ширек ғасырлық мерей­тойын тойлаған музыка фес­тиваліне Қазақстан делегациясы екі сағаттық бағдарламамен барған.

– Біз домбырада тек күй ғана емес, бүкіл шетелдік шы­ғар­маларды да орындауға бо­­ла­тынын көрсеткіміз келе­ді. Ал екінші орындаған шығар­мамызды айтатын болсақ, ол – Нұр­ғиса Тілендиевтің «Ма­хамбеті». Бұл туынды Қазақ ұлттық оркестрінің әнұраны деп есептейміз. Мұнымен  қа­зақтың бай музыкасын шетелге таныстыруды мұрат тұттық. Қазақтың күйін, философиясын әртүрлі шығармаларымыз арқылы тыңдарманға таныттық деп ойлаймын,– дейді «Шабыт» домбыра ансамблінің мүшесі Кенжебек Әділов.

Маңызы мол шарада сту­денттеріміздің өнеріне неміс тыңдармандары тәнті бол­ған­дарын жасырмады. Оркестр шетелдіктерді там­сандырып қана қоймай, олар­дың қазақ музыкасына деген қызығушылығын арттыра түсті.

Бөлісу: