Оқиға
1 мин оқу 121
Конституция күніне орай «Көктөбе» телемұнарасында мультимедиялық шоу ұйымдастырылады
<p style="text-align: justify;">Конституция күніне орай Алматының визит карточкасында сәулеттік-көркемдік жарықтандыру іске қосылады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Қала әкімдігінің хабарлауынша, Конституция күніне орай «Көктөбе» телемұнарасының медиа қасбетінде мультимедиялық шоу 30 тамызда сағат 21:00-де басталады.
Телемұнараға жарық беру төмендегі кесте бойынша жұмыс істейді:
- Күн сайын сағат 20:00-ден 02:00-ге дейін мұнараның өзінде динамикалық жарықтандыру қосылады;
- 02:00-ден 05:00-ге дейін мұнара фондық режимде прожекторлар арқылы жарқырайды;
- Мереке күндері 21:00-ден 02:00-ге дейін мультимедиялық мерекелік бейнеролик қосылады;
- Сағат 02:00-ден 05:00-ге дейін прожектор арқылы жарықтандыру іске қосылады.
Айта кетейік, телемұнара түрлі шашырау бұрыштары бар 185 TLS-H прожекторларымен, сондай-ақ құрылымның 10 деңгейін бірдей жарықтандыратын LED модульдері бар жарық желілерінің медиа қасбетімен жабдықталған.
Бөлісу: