Төтенше жағдай
1 мин оқу 170

Үйден өрт шыққан кезде не істеу керек?

<p>Төтенше жағдайлар министрлігі үйден өрт шыққан кезде не істеу керегін түсіндірді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Үйден өрт шыққан кезде не істеу керек?

Үйде өрт шыққан жағдайда әрекет ету тәртібі:

Газ беру кранын жабыңыз, электр қуатын өшіріңіз;

Өрттің дамуының бастапқы кезеңінде сіз оны барлық өрт сөндіру құралдарын (өрт сөндіргіштер, төсек жапқыштары, құм, су және т.б.) пайдаланып, сөндіруге тырысыңыз;

Ауа ағыны мен өрттің таралуын болдырмау үшін үйіңіздегі барлық есіктерді жабыңыз;

Үйден шығыңыз, осы жағдайда ең қауіпсіз жолмен жүріңіз;

Егер түтін сіздің үйіңізге еніп кеткен болса, еденге жақын болыңыз: ол жерде әрқашан таза ауа болады.

Аузыңыз бен мұрныңызды дымқыл орамалмен немесе сүлгімен жабыңыз;

Өрт сөндірушілердің рұқсатынсыз үйге оралмаңыз.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Бөлісу: