Спорт
1 мин оқу 113

Әлі жеңіліп көрмеген Қазақстан кәсіпқой боксшысы тағы бір қарсыласын қапы қалдырды

<p>Қазақстан боксшысы Садриддин Ахмедов (13-0, 11 КО) соңғы екі жылдағы алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Әлі жеңіліп көрмеген Қазақстан кәсіпқой боксшысы тағы бір қарсыласын қапы қалдырды

Ол Санта-Инез қаласында өткен бокс кешінде америкалық Антонио Тоддпен (17-10, 9 КО) жұдырықтасты.

Жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған болатын. Нәтижесінде, қазақстандық боксшы бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Осылайша, кәсіпқой бокста орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Садриддин Ахмедов кәсіпқой мансабындағы он төртінші жеңісіне қол жеткізсе, Антонио Тодд кәсіпқой рингтегі он бірінші рет жеңіліске ұшырады.

Бөлісу:
Әлі жеңіліп көрмеген Қазақстан кәсіпқой боксшысы тағы бір қарсыласын қапы қалдырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар