Қоғам
1 мин оқу 150

Ерлан Саиров: Банктер туралы жаңа заң олигархтарды биліктен айырады

<p style="text-align: justify;">Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында банктер туралы жаңа заң әзірлеу қажеттігін айтқан еді. Осы орайда Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров аталған заңға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Ерлан Саиров: Банктер туралы жаңа заң олигархтарды биліктен айырады

«Соңғы 30 жылда банктер халықтың қаржылық сауатсыздығын пайдаланып, өте үлкен пайда тапты. Бұл жекелеген азаматтардың тағдырына әсер етті. Сондықтан бізге ең алдымен банк секторындағы бәсекелестікті қалпына келтіретін банктер туралы жаңа заң керек. Екіншіден, бұл әлеуметтік әділеттілікке әкеледі, яғни олигархтар банк секторындағы биліктен айырылады», деді Ерлан Саиров.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Парламентінің кезекті сессиясының ашылуында халыққа Жолдауын жариялап, банк секторымен алдағы жұмыстың нақты бағыттарын атаған еді. Президент банктердің төлейтін салықтары олардың акционерлерінің алатын дивидендтеріне сәйкес болуы керек екенін тілге тиек етті.

Бөлісу:
Ерлан Саиров: Банктер туралы жаңа заң олигархтарды биліктен айырады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар