Оқиға
1 мин оқу 120

Алматыда қоқыс таситын көлік аударылып, адамдар зардап шекті

<p style="text-align: justify;">Алматы қаласындағы жолдардың бір бөлігінде қоқыс тасымалдайтын көлік аударылып кеткен, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Алматыда қоқыс таситын көлік аударылып, адамдар зардап шекті

2 адам зардап шеккен оқыс оқиға Сайын және Райымбек көшелері қиылысынан сәл төменірек тұста болып, көлік кептелісін тудырған.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жол апаты бүгін сағат 10:50-де Алатау ауданында болған.

«Iveco көлігі жүргізушісі Сайын көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, тізгінге ие бола алмай, темір қоршауға соғылып, аударылып қалды. Салдарынан жүргізуші мен оның жолаушысы зардап шегіп, медициналық көмекке жүгінді», делінген хабарламада. 

Алатау аудандық ішкі істер бөлімі оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Бөлісу:
Алматыда қоқыс таситын көлік аударылып, адамдар зардап шекті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар