Оқиға
1 мин оқу 150
Астанада жас жігіт ауруханадан алтын жымқырып кеткен
<p style="text-align: justify;">Қала тұрғыны жұмыс орнында алтын бұйымдары жоғалғаны туралы арызбен полицияға жүгінген, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қаладағы ауруханалардың бірінде техникалық қызметкер ретінде тағылымдамадан өтіп жүрген 20 жастағы жігіт медбикенің сөресінен алтын бұйымдарын ұрлаған. Бұл қылмысты Полиция департаментінің қызметкерлері анықтаған.
Polisia.kz-тің жазуынша, шығын сомасы 960 мың теңгеден асады. Күдікті қолды қылған заттарды ломбардқа өткізіп жібергенін мойындады. Заттай айғақтар тәркіленіп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу: