Алматы облысында Іле ауданының әкімі ұсталды
<p style="text-align: justify;">Бүгін Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев қызмет бабын және өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу аясында Алматы облысының аудан әкімі мен басқа да тұлғалардың әшкереленгенін растайды. Соттың рұқсатымен күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының шеңберінде өзге мәліметтер жариялануға жатпайды», деп хабарлады ведомство өкілдері.
60 жастағы Бағдат Қарасаев 2018 жылдың қыркүйегінен бастап Іле ауданының әкімі қызметін атқарған. Бұған дейін Алматы облысы әкімінің кеңесшісі болған.