Ауа райы
1 мин оқу 260

Нөсер жауып, үсік жүреді: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

<div class="description" style="text-align: justify;">Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын бөлісті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</div>

Нөсер жауып, үсік жүреді: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, республиканың басым бөлігінде әлі де тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды:

«Республиканың солтүстігі мен шығысында өткінші жаңбыр жауады. 7 қыркүйекте түнде республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Республика бойынша түнде және таңертең солтүстік және шығыс аймақтарда жел күшейеді, ал топырақ бетінде -2°C үсік жүреді», деп хабарлады синоптиктер.

Болжам бойынша, Қазақстанның батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Бөлісу:
Нөсер жауып, үсік жүреді: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар