Алматы
1 мин оқу 93
Алматыда «Альпиниада-2024» өтті
<p style="text-align: justify;">Бұл туралы қала әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшаларынан мәлім болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жаз мезгілінде 3 рет тауға шығу ұйымдастырылып, соңғы рет 31 тамызда 354 қатысушы Жастар шыңын бағындырған.
Қатысушыларға қауіпсіздік пен маршрут бағыттары бойынша еріктілер мен құтқарушылар жәрдем беріп отырған.
Іс-шараға қатысқан Францияның бас консулы Фабрис Неве «Альпиниада-2024» жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.
Инклюзивті топқа баса назар аударылып, 29 бала ата-анасының ертіп жүруімен шыңға шыққан, оларға жеке тур ұйымдастырылған.
Аталған іс-шара шеңберінде 1000-нан астам тауға шығуды ұнататындардың басы қосылған.
Бөлісу: