Қазақстанда ерекше балаларға арналған арнайы колледж ашылды
<p style="text-align: justify;">Шымкентте ерекше балалар оқитын мектеп-интернат жанынан арнайы колледж ашылды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a> </p>

Елімізде алғаш рет ашылған инклюзивті колледжге 48 ерекше бала қабылданған. Оның 25-і тігіншілік ісін үйренсе, 23-і ағаш өңдеуді меңгереді.
«Жеңілдетіп жазған бағдарламаларымыз бойынша сабақ өтеміз. Практикалық және теориялық сабақтарды бірге алып жүреміз. Өйткені олар көп нәрсені тез ұмытып қалады», дейді директордың оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары Зарифжан Құрбанбаев.
Qazaqstan ұлттық арнасы хабарлағандай, аталған колледж ата-аналардың сұранысына орай аспаз, аяқ киім шебері мамандықтары бойынша да топ ашуға әрекет етіп жатыр. Сондай-ақ мобилограф, ІТ мамандарын оқыту жоспарланып отыр.