Аймақтар
2 мин оқу 231

Жер телімдері қайтарылды

<p style="text-align: justify;">Облыста ауыл шаруашылығы мақсатында алынғанымен, әлі күнге пайдаланылмай жатқан жер телімі аз емес. Жыл басынан бері осындай 22 мың гектар жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.</p>

Жер телімдері қайтарылды

Облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Әлібек Ермекқалидың айтуынша, Жер кодексіне енгізілген өзгертулерге сәйкес енді жер те­лі­мінің 50 пайызы пайдала­нылма­са, мемлекет меншігіне қайтарыла­ды. Биыл мұнайлы өңір­де игерілме­ген 90 мың гектар жер учаскесін ­мемлекет меншігіне қайтару жос­парланыпты.

«Қазір облыс аумағында пай­­далану мерзімі өткен жер те­лім­дері әлі бар. Сондай жер учас­ке­лері ғарыштық мониторинг ар­қы­лы анықталады. Осыған орай мо­ни­торингтік топ мүшелері иеле­ріне пайдалану мерзімі өтіп кет­кен жер телімдерін өз еркі­мен қайтару жөнінде түсіндіру жұ­мы­сын жүргізуді қолға алды. Со­ның нәтижесінде тұрғындар жер телімдерінің көп бөлігін өз еркімен қайтарды. Енді оларға қай­тадан конкурсқа қатысып, жер телімін иелену мүмкіндігі бе­рі­ле­ді», дейді Ә.Ермекқали. Оның де­регі­не сүйенсек, 2022–2023 жылдары ­400 мың гектардан астам жер телі­мі мемлекеттің иелі­гіне қай­тарыл­ған. Былтыр 275 жер телі­мі мем­лекет меншігіне өткізілген.

«Мемлекет меншігіне қайта­рылған жер телімдері үшін қай­та­дан конкурс өткізіледі. Биыл жеті айда 87 жер учаскесі конкурс арқылы қайтадан жер пайдала­нушыларға берілді», деп мәлімдеді Ә.Ермекқали.

Ауыл шаруашылығы министр­лігі Жер ресурстарын бас­қару ко­митетінің төрағасы Мұрат Темір­жановтың мәліметіне жүгін­сек, Атырау облысында жер теліміне немқұрайды қарау дерегі кезде­се­ді. Сондай дерек жерді бүлдіру және жер учас­келерін нысаналы мақсатына сай пайдаланбауға байланысты анықталған.

«Атырау облыстық жер ресурс­тарын басқару департаментінің қызметкерлері топырақтың құ­нарлы қабатын заңсыз сыдырып алу және жою фактісі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 337-бабының 1-бөлігімен «АссанаДорСтрой» ЖШС-ға нұсқама беріп, 1 млн 292 мың 200 теңге көлемінде айып­пұл салынды. Қазір департамент­тің нұсқамасы негізінде аталған жер учаскесі қалпына келтірілді», деп хабарлады М.Теміржанов.

Мақат ауданында кәсіпкерлікті дамыту үшін берілген жалпы кө­лемі 130 гектарды құрайтын 3 жер учаскесі нысаналы мақсатына сай игерілмеген. Осыған байланысты өңірлік департамент мамандары жер иелеріне 1 жыл мерзім ішінде нысаналы мақсатына сай игеру қажеттігі туралы нұсқама берген екен. Мақат ауданының соты департаменттің Жер кодексінің 94-бабына сәйкес жер учаскелерін мәжүрлеп алып қою туралы талап-арызын қанағаттандырды. Жер учаскелері мемлекет меншігіне өтті.

Атырау облысы 

Бөлісу:
Жер телімдері қайтарылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар