Шымкенттік дәрігерлер бір келіге де жетпей туған баланы аман алып қалды
<p>28 шілдеде Шымкенттегі №2 ауруханасының перзентхана бөлімінде 27-апталық бала дүниеге келді. Сәбидің туған кезде салмағы бар-жоғы 970 грамм, ал жағдайы ауыр болған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> тілшісі Оtyrar.kz-ке сілтеме жасап.</p>

Дәрігерлердін айтуынша, сәбиге алғашқы реанимациялық көмек көрсетіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған. Туа біткендегі ағзаларының толық дамымауына байланысты нәресте протокол бойынша жансақтау бөлімінде толық емін алып шыққан.
- Өкпені жетілдіруге арналған препараттар, антибиотиктер, ағзаның өсуіне қажетті инфузионды терапия арқылы ем жүргіздік. Өмірінің 38-тәулігінде жағдайының тұрақты болуына байланысты нәрестелер потология бөліміне ауыстырдық, - дейді №2 қалалық ауруханасының дәрігер-неонатологі Қаракөз Асқарқызы.
- Қазіргі таңда ана мен баланың өміріне төніп тұрған ешқандай қауіп жоқ" дейді дәрігерлер.
Ал баланың салмағы 1 512 граммға жеткен. Бала өздігінен дем алады.