Аңдатпа: «Махаббат бар ма?»
<p style="text-align: justify;"><strong>7 қыркүйек -</strong> Музыкалық жас көрер­мен театрында Қ.Мұрат­тың «Махаббат бар ма?» лирикалық комедиясы сахналанады. Режиссері – А.Ғұмаров.</p>

8 қыркүйек - Мұқағали жырлайды
Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында М.Мақатаевтың «Күнделік» лирикалық кеші қойылады. Режиссері – Ә.Бидахмет.
14 қыркүйек - Премьера!
Жастар театрында Ш.Айтматовтың «Жан пида» трагедиясының премьерасы болады. Режиссері – Н.Жақыпбай.
17 қыркүйек - «Жалқаудың жыры»
Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрының Ақсу ауданына гастрольдік сапары аясында А.Аламанның «Жалқаудың жыры» ертегісі қойылады.
19 қыркүйек - Ертегі
С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрында А.Салбанның «Сүйкімді көбелек» ертегісі ұсынылады. Режиссері – А.Салбан.