Заң
1 мин оқу 103
Қос құжатты тұрғын Қазақстаннан шығарылды
<p style="text-align: justify;">Көші-қон қызметінің қызметкерлері Абай облысына қарасты Бородулиха ауданы тұрғынының қос азаматтығы бар екенін анықтаған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Ведомствоның баспасөз хабарламасында: «Сот қаулысы бойынша, құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы екінші бөлігі бойынша Қазақстан Республикасынан шығару түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды», делінген.
Облыстық полиция департаментінің мәлім етуінше, осы жылы РФ-ның азаматтығын алып, Қазақстан азаматтығының күшін жойғанын рәсімдемеген 54 жастағы ер адамды құқық қорғау органдары әшкерелеген.
Полицейлер көші-қон заңнамасы бойынша елімізде қос азаматтыққа жол берілмейтінін ескертеді.
Бөлісу: