Көшпелілер ойындары: Елордада «Бірлік Керуені» іс-шарасы өтеді

<p style="text-align: justify;">Астанада V Дүниежүзілік көшпелілер ойындары аясында 6 қыркүйек күні театрландырылған қойылыммен &laquo;Бірлік Керуені&raquo; салтанатты іс-шарасы өтеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Көшпелілер ойындары: Елордада «Бірлік Керуені» іс-шарасы өтеді

«Бірлік Керуені» — Қазақстанның 20 өңірінен республиканың барлық тұрғындарын біріктіретін және еліміздің бірлігі мен мәдени әралуандығын айқындайтын, көшпелілер ойындарының бөлігі болып саналатын маңызды мәдени оқиға.

«Бірлік Керуені» іс-шарасы өткізілетін күні өңірлердің өкілдері басқаратын керуен - бұл спортшылар, қоғам қайраткерлері, түрлі облыстың батырлары Астанаға Қазақстанның қасиетті көздерінен су жеткізеді. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналатын су Астанадағы тайқазанда ойындардың ашылу күні қосылып, бірліктің басты символына айналады.

Сонымен қатар 6 қыркүйек күні сағат 17:00-де ЭКСПО аумағында (сағат 16.00-ден бастап диджей ойнайды, сондай-ақ қатысушылар үшін викториналар өткізіледі) іс-шара ресми түрде басталады.

Айта кетерлігі, «Бірлік Керуені» өткізілуіне байланысты сағат 13:00-ден 21:00-ге дейін Түркістан және Ақмешіт көшелеріндегі ЭКСПО маңындағы жолдардың бір бөлігін уақытша жабу жоспарланған.

1

Бөлісу:
Көшпелілер ойындары: Елордада «Бірлік Керуені» іс-шарасы өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар