Спорт
1 мин оқу 140
Паралимпиада - 2024: Жаңыл Балтабаева мен Бибарыс Сыпатай жартылай финалға шықты
<p style="text-align: justify;">Парижде өтіп жатқан паралимпиадада пара каноэден жарыс жолына шыққан отандастарымыз іріктеу кезеңінен сүрінбеді, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
200 метр қашықтықта бақ сынаған Жаңыл Балтабаева мен Бибарыс Сыпатай жартылай финалға жолдама алды.
Жаңыл Балтабаева VL3 санатында сынға түсіп, 1:04.72 уақыт көрсеткішімен іріктеуде іркілмеді. Енді жерлесіміз 7 қыркүйек күні Астана уақытымен 13:49-да жартылай финалда өнер көрсетеді.
Бибарыс Сыпатай KL2 санатында белгіленген қашықтықты 48.50 секунд нәтижесімен қорытындылады. Спортшы финалға өту үшін ертең 13:14-те сынға түседі.
Бөлісу: