Ауа райы
1 мин оқу 180

3 градусқа дейін үсік жүреді: Демалыс күндері ауа райы қандай болады

<div class="description" style="text-align: justify;">&laquo;Қазгидромет&raquo; синоптиктері алдағы демалыс күндері - 7 және 8 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</div> <div class="content" style="text-align: justify;">&nbsp;</div>

3 градусқа дейін үсік жүреді: Демалыс күндері ауа райы қандай болады

Мамандар Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталатынын ескертті.

Мәселен, оңтүстік өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. 7 қыркүйекте республиканың солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Ал елдің шығысы мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жаңбыр мен қар жауады. 

Қазақстанның батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Одан бөлек, ел бойынша жел күшейеді.Түнде және таңертең солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда тұман түседі.

«7 қыркүйекте солтүстікте, шығыста және орталықта, 8 қыркүйекте Қостанай облысында, еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда топырақ бетінде 3 градусқа дейін үсік жүреді», деп ескертті синоптиктер.
Бөлісу:
3 градусқа дейін үсік жүреді: Демалыс күндері ауа райы қандай болады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар