Жаңалықтар
1 мин оқу 280

Атырауда тіркелмеген қытайлықтар ұсталды

c08eb4547bf9ca77d75a2b903590d3a0АТЫРАУ. 26 қаңтар. Атырауда ішкі істер органдарынан тіркеуден өтпей, жасырынып жүрген Қытай азаматтары ұсталды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Атырау қалалық ішкі істер басқармасының учаскелік полиция инспекторлары прокуратура қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген шара барысында Қытай Халық Республикасының 38 азаматының жатақханалардың бірінде жасырынып жүргенін анықтады. Олар еліміздің аумағына енген соң ішкі істер органдарында тіркелуден өтуі тиіс еді. Алайда, Атырау облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Гүлназира Мұхтарованың хабарлағанындай, Қытай азаматтары тиісті заңдылықтың бұл талабын бұзған. Сол себептен, 38 қытайлыққа қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Қазіргі уақытта шетелдіктерге толтырылған әкімшілік хаттама әкімшілік сотқа жолданды. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек: Атырау облыстық ішкі істер департаменті. Сурет: bnews.kz.
Бөлісу:
Атырауда тіркелмеген қытайлықтар ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар