Қазақстан
1 мин оқу 162
Елімізде жаңа мемлекеттік компания құрылды
<p style="text-align: justify;">Қазақстанда «Теңіз жасағы» акционерлік қоғамы құрылды. Үкімет тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын «Теңіз жасағы» акционерлік қоғамын құру», делінген құжатта.
Айта кетейік, кәсіпорын қызметінің негізгі мақсаты - мұнай төгілуін жою бойынша жедел іс-шараларды жүзеге асыру.
Серіктестіктің жарғылық капиталы республикалық меншіктен қалыптасады. «Теңіз жасағы» АҚ-ның болжамды құны 187 миллион теңгеден асады.
Бөлісу: