Оқиға
1 мин оқу 170

Шымкентте балабақша тәрбиешісі балаларға қол көтерген

<p style="text-align: justify;">Қаладағы балабақшалардың бірінде мекеме қызметкерінің балаларға қатысты физикалық зорлық-зомбылық көрсеткен сәті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Шымкентте балабақша тәрбиешісі балаларға қол көтерген

Желіде тараған видеоға зер салсақ, мекеме қызметкері балалар жатқан бөлмеге кіріп, сәбиді еденге лақтырғанын көруге болады. Кейін сол жерде отырған баланы қолынан ұстап тұрғызбақ болады, бірақ баланың оған көнбейтінін көріп, оны аяғынан ұстап, сүйреп әкеткен. Сол сәтте олардың жанында тағы бір бала болған. Тәрбиеші оны бетінен ұрып, төсекке қарай итеріп жіберген.

Қалалық Полиция департаменті оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Сонымен қатар қалалық Білім басқармасы видеодағы тәрбиеші жұмыстан шығарылғанын хабарлады.

«Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды. Осы факт бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиға Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бақылауына алынды», делінген хабарламада.

Бөлісу:
Шымкентте балабақша тәрбиешісі балаларға қол көтерген · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар