Жаңалықтар
1 мин оқу 284

Мерекелер тиянақты ұйымдастырылуы тиіс

с Г.Абдыкаликовой, 26.01.15 Президент Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованы қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Г.Әбдіқалықова алдағы ме­рей­тойлық даталарды – Қазақ хан­дығының 550 жылдығын, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын, Конституцияның және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын мерекелеуге дайындық барысы туралы баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев осы іс-шаралардың жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, мемлекеттілікті нығайту, сондай-ақ, республикада бірлік пен келісімді қамтамасыз ету үшін маңыздылығын атай отырып, орталық және өңірлік деңгейде тиянақты ұйымдастыру қажеттігіне назар аударды. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Бөлісу:
Мерекелер тиянақты ұйымдастырылуы тиіс · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар