Оқиға
1 мин оқу 120

Алматы облысында тауға шыққан жас туристер адасып кеткен

<p style="text-align: justify;">Алматы облысында 19 жастағы үш турист тау шыңынан түсіп келе жатып адасып кеткен, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p> <p>&nbsp;</p>

Алматы облысында тауға шыққан жас туристер адасып кеткен

Олар Букреев шыңына көтеріліп, төмен түсіп келе жатқанда байқаусызда соқпақ жолдан шығып кетіп, адасып қалған. Телефон байланысы ұстайтын жерден құтқарушыларды шақырған. Тау соқпақтарын зерттеп алмай, бағыттан жаңылғандарға ТЖМ қызметкерлері көмекке келген.

ТЖМ хабарламасында: «Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары кинологиялық есеп тобымен бірге көмек сұраушылардың геолокациясы бойынша тауға көтеріліп, көрсетілген орыннан таба алмады. Жігіттер өз күштерімен түсуге шешім қабылдаған екен, құтқарушылар оларды іздеп тауып,  жақын аялдамаға дейін аман-есен жеткізді», делінген.

Бөлісу:
Алматы облысында тауға шыққан жас туристер адасып кеткен · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар