Оқиға
1 мин оқу 60

Рудныйда екі жасөспірімді көлік қағып кеткен

<p style="text-align: justify;">Жол-көлік оқиғасы 8 қыркүйек күні 18:00-де Паркова көшесінде болған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Рудныйда екі жасөспірімді көлік қағып кеткен

«Volkswagen» автокөлігінің жүргізушісі жылдамдықты арттырып, жаяу жүргіншілер жолағында кәмелкетке толмаған екі қызды қағып кеткен.

Полиция аталған факті бойынша сараптамалар тағайындады. Олардың қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

2007 және 2008 жылғы жасөспірім қыздар ауруханаға жеткізілген. 2007 жылы туған қыз Қостанай облыстық балалар ауруханасына жіберілді. Екінші қыз ауруханаға жатқызылған жоқ. Бірі мектеп оқушысы, екіншісі Рудный колледжінің студенті екені анықталды.

Бөлісу:
Рудныйда екі жасөспірімді көлік қағып кеткен · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар