Аймақтар
1 мин оқу 190
Алматы облысында екі ауылдың атауы өзгерді
<p style="text-align: justify;">Алматы облысында Казцик және Комсомол ауылдарына жаңа атаулар берілді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

Казцик ауылына қазақ театр педагогикасының негізін салушы Асқар Тоқпановтың есімі берілді.
Осының құрметіне елді мекенде салтанатты іс-шара өтті. Жиынға қатысқан тұрғындар бұл шешімді бірауыздан қолдады.
Ал Комсомол ауылы енді Жайнақ деп аталады.
Бұған дейін Алматы облысындағы ауылдық округтер мен ауылдардың атауы өзгертілген еді:
- Энергетикалық ауылдық округі - Өтеген батыр ауылдық округіне;
- Энергетикалық ауылдық округінің Покровка ауылы - Кенен Әзірбаев ауылына;
- Чапаев ауылдық округі мен Чапаево ауылы - Байкент ауылдық округіне және Байкент ауылына;
- Междуреченск ауылдық округі және Междуреченск ауылы – Ақсай ауылдық округіне және Ақсай ауылына өзгертілді.
Бөлісу: