Қаржы
2 мин оқу 90

Қаржы нарығындағы өзгеріс

<p style="text-align: justify;">Нарық өрлеуі үшін елдегі қаржы саласы қағажу көрмеу керек. Бұл &ndash; күрделі де көпөлшемді ұғым. Қай экономистен сұрасаңыз да, &laquo;қаржы дағдарысы аяқасты келмейді, алдын ала міндетті түрде сездіреді&raquo; дейді. Сол себепті табан асты түйткіл тумас үшін мамандар бұл мәселені үнемі назарда ұстап отырады. Мұның бір мысалы &ndash; жақында өткен &laquo;Astana Finance Days&raquo; конференциясы. Онда Еуразия өңіріндегі қаржы саласының қазіргі заманғы мәселелері, үрдістері мен мүмкіндіктері талқыға түсті.</p>

Қаржы нарығындағы өзгеріс

Ауқымы кең кеңеске жыл сайын 3 000-нан ас­там адам қатысады. Олар­­дың қа­та­рын­да мемлекеттік ор­ган өкілдері, қаржы саласының же­текші сарапшылары, инвесторлар мен бизнес-көш­басшылар бар. Биыл мамандар қаржы сек­­то­­рындағы озық технология­лар, елі­­­міздің инвестициялық мүм­кін­­діктері, қаржының орнықты да­­­муға, қоғам­дағы оң өзге­ріс­­­­терге әсерін тал­қылауға жи­­­нал­ды.

Екі күнге созылған жауапты жиында сарапшылар әртүрлі тақырыпты қаузады. Әсіресе елдегі қаржы инсти­туттарының инвестициялық әлеуеті мен рөлі, деректерді қорғау, бизнес­те жасанды интеллектіні пайдалану, ерікті көміртегі нарығын құру, капитал нарығы, қаржы саласындағы технология­лар, корпоративтік және бөлшек сектор үшін ислам­дық қар­жылық шешімдер басты назарда болды. Талқыланған тақырыптар арасында жасанды интеллект жайы да бар.

«ЖИ дәуіріндегі құпиялылық: бизнес үшін өзгеріс үстіндегі сын-тегеуріндер және табыстың бейімді стратегиялары» тақырыбында мамандар зерттеулері мен нұсқау­лықтарын көрсетті. Жасанды интеллект технология­лары қарқынды дамып жатқандықтан, оны қаржы­лық қызметтер саласына интегра­циялау маңызды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) инно­вацияларды ынталан­дырып қана қоймай, дербес деректерді, жеке тұлғалардың құқығын қорғауды қамтамасыз ететін сенімді нормативтік-құқық­тық база құру қажеттілігін түсініп, жоспар құрып отыр. Осы тұрғыда отандық бизнес­те жасанды интеллектінің үлесі қаншалықты деген сұрақ кім-кімді де қызықтыруы мүмкін.

– Бизнестің жасанды интел­лек­ті­ден көретін пайдасы – сатып алған бағдарламалық жасақ­та­масының бұрынғыдан да тиім­дірек бола түсе­тіні. Елімізде биз­н­ес жасанды интеллектіні өзді­гімен қолданбайды. Көбіне дайын­ софттарды пайдаланады. Сөйтіп, бағдарлама өндірушісі сол бағдар­ла­маларына жасанды интеллект қосып, клиентке жақсырақ шешім ұсынады. Мәселен, бұрын софт өнді­руші алгоритмі әлсіздеу чат-бот қолданып келген болса, оның жаңар­тылған нұсқасында жасанды интел­лект кірістіріліп, сапасы жақ­сара түскен бағдарламаны біздің биз­неске ұсынады деген сөз, – дейді ІT-сарапшы, «MSSP.GLOBAL» бас директоры Дәурен Салипов.

Конференцияда Ислам даму банкінің қолдауымен АХҚО және «CSQ Law» компания­сы дайындаған исламдық қаржы­лан­дыру жөніндегі елдік есептің таныстырылымы өтті. Есепте алғаш рет 13 000-ға жуық респондент арасында исламдық қаржы өнімдеріне әлеуетті нарықтық сұранысты бағалайтын кең ауқымды нарықтық зерттеу нәтижесіне негіз­делген деректер қамтылды.

– Біз осы маңызды бастама аясында АХҚО-мен ынтымақтастық орнатып жатырмыз. Бұл – үлкен қуаныш. Қазақстандағы исламдық қаржыландыру жөнін­дегі елдік есепте сектордың ағым­дағы жай-күйі мен болашағы туралы құнды талдау ұсынылған. Есеп АХҚО-да ұсынылған исламдық қаржыны дамытудың стратегиялық жос­па­рының саясаты жөніндегі ұсы­ныстармен тоқайласады. Бұл есепті елдегі қаржы мекемелері мен инвес­торлар исламдық қар­жы­ланды­рудың бүкіл әлеуетін пайдалану жұмысында басшылыққа алса болады, – деді Ислам даму банкі инс­титуты бас директорының міндетін атқарушы доктор Сами Әл-Сувайлем. 

Бөлісу:
Қаржы нарығындағы өзгеріс · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар