Декларацияны «eGov» арқылы тапсыруға болады
<p style="text-align: justify;">Апта соңында кірістер мен мүлік туралы электрондық декларация­ларды тапсыру мерзімі аяқталады. Мемлекеттік қыз­метшілер, оларға теңестірілген қызметкерлер, бюд­жеттік ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері, сондай-ақ олардың жұ­байы­ның кірісі мен мүлкі туралы декларацияны (270.00 н.) «eGov.kz» порталының көмегімен ұсынуға мүмкіндік бар.</p>

270-нысан бойынша кірістер мен мүлік туралы декларацияны азаматтар активтер мен міндеттемелер туралы «кіріс» декларациясын (250.00-нысан) тапсырғаннан кейін ғана ұсына алады. 270.00 декларациясында төлем көзінен салық салынатын кірістер, сондай-ақ шетелде мүліктің болуы (жылжымайтын мүлік, көлік, шетелдік компаниядағы үлес, бағалы қағаз, цифрлық актив, инвестициялық алтын, туынды қаржы құралдары және тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі) көрсетілуі қажет.
Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны қабылдау қызметі «eGov.kz» порталында «Азаматтарға», «Кеден және салықтар», «Салық салу» бөлімінде қолжетімді.
Сондай-ақ декларацияны «kgd.gov.kz» порталында, «eSalyq Аzamat» мобильді қосымшасында «Салық төлеушінің кабинеті» арқылы ұсынуға болады.