Оқиға
1 мин оқу 140

Ақтөбеде балалы әйелді көлік қағып, бүлдіршін қайтыс болды

<p style="text-align: justify;">Ақтөбе қаласында жол-көлік оқиғасы салдарынан 3 жасар сәби қайтыс болып, анасы ауруханаға жеткізілді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Kazinform-ға сілтеме жасап.&nbsp;</p>

Ақтөбеде балалы әйелді көлік қағып, бүлдіршін қайтыс болды

«ГАЗель автокөлігінің жүргізушісі реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінде екі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды», деді Ақтөбе қалалық ПБ патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Ануар Ибраев. 

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бүлдіршін жансақтау бөліміне жеткізілгенімен, 35 минуттан соң жан тапсырған. Ал оның анасының жарақаты көп, жағдайы ауыр. 

Бөлісу:
Ақтөбеде балалы әйелді көлік қағып, бүлдіршін қайтыс болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар