Алғаш рет ғарышқа «Тоғызқұмалақ» тақтасы ұшырылды

<p style="text-align: justify;">V Дүниежүзілік көшпелілер ойындары аясында тоғызқұмалақ тақтасы ғарышқа ұшырылды. Ғажайып оқиға жанкүйерлерге ерекше әсер қалдырып, ұлттық ойынымызға әлем назарын аударды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a>&nbsp;</p>

Алғаш рет ғарышқа «Тоғызқұмалақ» тақтасы ұшырылды

Qazsporttv-дің хабарлауынша Ресей ғарыш агенттігімен арадағы келісім негізінде тоғызқұмалақ  тақтасы алғаш рет стратосфера қабатына шығып, 35 мың шақырым биіктікке көтеріліп, қайтадан жерге жеткізілді.  Тоғызқұмалақ – ғарышқа сапарлаған жалғыз үстел ойыны.

Еске салайық, көшпелілер ойындарында тоғызқұмалақтан алғашқы матчтар 9 қыркүйек күні сағат 09:09-да басталып, қатысушылардың бірінші жүрісі 9 ойыншыдан тұратын 9 үстелдік тақтада, 9-шы ұядан басталып, есептеу жылдамдығымен сайысқа түскен.

Бөлісу:
Алғаш рет ғарышқа «Тоғызқұмалақ» тақтасы ұшырылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар