Оқиға
1 мин оқу 102
Елорда тұрғыны дүкенде ақша толы сөмкені қолына іле кеткен
<p style="text-align: justify;">Байқоңыр ауданының Полиция басқармасына азық-түлік дүкенінің иесі жүгінген, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Polisia.kz-ке сілтеме жасап.</p>

Полицияға жүгінген әйелдің айтуынша, күндіз тауарды түсіру кезінде ол 1 млн 390 мың теңге салынған сөмкені дүкен сөресінде қалдырған. Сол уақытта сатып алушылардың бірі сөмкені қолына іле кеткен.
Күдікті ұсталды. Кінәсін мойындаған 34 жастағы қала тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалған. Тәркіленген ақша толы сөмке жәбірленушіге қайтарылды.
Бөлісу: