Білім
1 мин оқу 65

Жаңғырған оқу ордасы

<p style="text-align: justify;">Жақында облыс орта&shy;лы&shy;ғын&shy;да қазақ поэзиясының көр&shy;&shy;&shy;некті өкілі Дулат Баба&shy;тайұлының есімін иеленген Семей жоғары кол&shy;лед&shy;ж&shy;інде білім күніне арналған іс-ша&shy;ра өтті. Оған білім мен ғы&shy;лым саласының өкілдері, сту&shy;дент&shy;тер және ата-ана&shy;лар қа&shy;тысты.</p>

Жаңғырған оқу ордасы

Семей жоғары колледжі – 26 жыл­­дан бері өңірде ғана емес, еліміз­дің түкпір-түкпірінде әртүрлі салада еңбек етіп жүрген білікті мамандарды түлетіп ұшырған оқу орын­да­рының бірі. 1998 жылы аймақтағы ал­ғашқы жекеменшік болып ірге­та­сын қалаған колледж жаңа оқу жылын бірегей ізденістермен бастап отыр.

Мәдени іс-шара барысында ел ақса­қалдары Арап Еспенбетов, Зей­нол­ла Тоқаев, басқа да зия­лы қауым өкілдері әйгілі ақын атындағы білім ұжымына ізгі лебіздерін арнап, батасын берді.

Соңғы жылдары кәсіби-техни­ка­лық мамандықтарға деген сұ­ра­ныс артып отыр. Бір жағынан, бұл Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасына сәйкес еліміздегі кәсіп­орындарға көрсетіліп жат­қан қолдау деп білеміз. Биыл атал­ған колледж­де жұмысшы маман­ды­ғына 300-ге жуық грант бөлінген.

«Бұл өткен жылдардағы көр­сет­кіштермен салыстырғанда ана­ғұрлым көп. Президенттің биыл­ғы Жолдауында да жұмысшы ма­мандығына ерекше маңыз берілді. Бұған біз қатты қуандық. Қазір қоғамдағы сұранысқа ие мамандықтарды игеруге студенттерге барынша жағдай жасалған. Осы жылдан бастап колледж студенттерінің шәкіртақысы да өсті. Бұл – жұмысшы маман­дығында оқитын жастарға көр­се­тіліп отырған үлкен қолдау. Қазір біз теория мен тәжірибені ұштастыру үшін жергілікті кәсіп­орындармен келіссөз жүргізіп, маман­дарды бірге даярлауды жос­пар­­лап отырмыз», деді колледж дирек­торы Ғафу Боранбаев.

Абай облысы

Бөлісу:
Жаңғырған оқу ордасы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар