Қоғам
1 мин оқу 201

Елімізде алғашқы ең ұзын автожол туннелі пайдалануға берілді

<p style="text-align: justify;">Түркістан облысы Шақпақ Баба асуындағы екі жолақты туннельдің ресми ашылуы бүгін өтеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a>&nbsp;</p>

Елімізде алғашқы ең ұзын автожол туннелі пайдалануға берілді

Көлік министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше  туннельдің ұзындығы 840, ені 11, биіктігі 8 метрді құрайды.

Туннелдің жанында жүргізушілер мен жолаушылар үшін жол жөндеу пункті, жанармай құю бекеті, тікұшақ алаңдары, сауда нүктелері орналасқан.

Жуырда 100 адам және 15 бірлік арнайы техника жұмылдырылуымен арнайы оқу-жаттығулары өтіп, туннелдің қауіпсіздік жүйелері, оның ішінде желдету және өрт сөндіру жұмыстары сыналды. Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде көлік құралдарын жедел сүйреу және жол-пайдалану техникасының қозғалысын ұйымдастыру бойынша іс-әрекеттер пысықталды. 

Көлік министрлігі

Бөлісу:
Елімізде алғашқы ең ұзын автожол туннелі пайдалануға берілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар