Оқиға
1 мин оқу 250

Тәжікстанда белгісіз біреу кешкі намаздан кейін бас мүфтиді пышақтап кеткен

<p style="text-align: justify;">Душанбе қаласының орталық мешітінде кешкі намаз аяқталғаннан кейін белгісіз біреу Тәжікстан Республикасы Үлемінің төрағасы Саидмукаррам Абдулкодирзоданы пышақтап кеткен, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Тәжікстанда белгісіз біреу кешкі намаздан кейін бас мүфтиді пышақтап кеткен

Тәжікстан Республикасы ІІМ хабарлауынша, оқиға Душанбедегі орталық мешіттің жанында сағат 17:20 шамасында болған.

«Бүгін Мәскеу уақытымен сағат 17:20-да Душанбе қаласының орталық мешітінің жанында бір адам намаздан кейін Тәжікстан ғұламалар кеңесінің төрағасы Саидмукаррам Абдулкодирзоданы пышақтап кетті. Шабуыл жасаған азамат ұсталды», делінген хабарламада.

Пышақ жарақаты салдарынан бас мүфти жеңіл дене жарақатын алған.  Оған жедел көмек көрсетіліп, үйіне жөнелтілгені хабарланды.

Аталған  факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, алдын ала тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Тәжікстанда белгісіз біреу кешкі намаздан кейін бас мүфтиді пышақтап кеткен · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар